Мүдделер қақтығысы саясаты
ҚАП басқару органдарының, қызметкерлері мен мүшелерінің қызметінде мүдделер қақтығысын болғызбау, анықтау және реттеу жөніндегі талаптар мен рәсімдер.
Кеңес мүшелері, Атқарушы директор және комитет мүшелері жыл сайын еңбек, мүліктік және консультациялық байланыстарын ашады.
ҚАП Кеңесіндегі мүшелік — ықпалдың шоғырлануын болғызбау үшін қатарынан екі мерзімнен артық емес.
Емтихандар, біліктілікті бағалау, сертификаттау және этикалық қадағалау бір-бірінен толық бөлінген.
Мүдделер қақтығысы бар мәселе қаралатын тұлға талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
Актуарийлер мүдделер қақтығысымен ұштасқан қызметтерді көрсетуге құқылы емес (мысалы, өз есептеулерін тексеру), үш шарттың барлығы орындалған жағдайларды қоспағанда:
Объективті әрі бейтарап әрекет ету қабілеті шектелмеген;
Әлеуетті қақтығыс барлық қатысты принципалдарға толық ашылған;
Жұмысты жалғастыруға барлық тараптардың тікелей жазбаша келісімі алынған.